Навигация

Баннерлер

Ақпарат

Сауалнамалар

Как Вы оцениваете работу маслихата?

Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер
Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 54

Кеңестің отырыстары

2021 жылдың 28 қыркүйек күні Сарқан аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті 18 отырысы өтті

2021 жылдың 28 қыркүйек күні Сарқан аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті 18 отырысы өтті. Күн тәртібінде «Сарқан қаласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы» және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Сарқан қаласы әкіміне жүктелген функциялардың орындалуы туралы 2021 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстары туралы. (Баяндамашы: Сарқан қаласының әкімі Орынбеков Амантай Мұқанұлы), «Сарқан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы» есебі (Баяндамашы: Сарқан аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Адилова Нұржан Төлеубайқызы), Сарқан аудандық Қоғамдық кеңесі мүшесін сайлау туралы (Баяндамашы: Сарқан аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Қадыр Сәкенұлы Абдрахманов), Сарқан ауданының Сарқан қаласының және ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналыстарының регл...
Толығырақ... Оқылды: 1 Уақыты: 28.09.2021

2019 жылдың 27 қараша күні Сарқан аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті 7 отырысы өтті

Отырыстың күн тәртібі бойынша «Сарқан аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көрсетілген қызмет туралы» Сарқан аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Талған Тоқтасынұлы Аязбаевтың баяндамасы тыңдалды. «Дипломмен ауылға» бағдарлама бойынша толық түсініктеме беріліп кемшіліктері аталды. Олар, көтерме жәрдемақыны алып алған азаматтар оны уақытымен қайтармайтын және мүлдем қайтармайтыны туралы. Сонымен қтар, көтерме жәрдемақыны алып алған азаматтар жұмыстан босатылып басқа турғылықты жерке кетіп қалғандар туралы. Отырыс барысында жаң-жақты сұрақтар көтеріліп, талқыланды. Отырыс аяғында кеңес мүшелері ұсыныстарды бір ауыздан қолдап тиісті шешім қабылдады.
Толығырақ... Оқылды: 66 Уақыты: 27.11.2019

2019 жылдың 25 қазан күні Сарқан аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті 5 отырысы өтті

Отырыстың күн тәртібі бойынша «Конкурсқа шығарылатын ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелеріне қортынды беру туралы» Сарқан аудандық әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Ануар Сәлімбекұлы Сейпейовтың баяндамасы тыңдалды сонымен қатар «Сарқан ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласының мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы, сонымен қатар жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiленуi туралы» аудандық мәслихат шешімінің жобасын жария талқылау бойынша Сарқ...
Толығырақ... Оқылды: 74 Уақыты: 25.10.2019

Өзекті мәселелер қаралды

Жақында Сарқан аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті 4-ші отырысы өткізіліп, онда бірқатар лауазымды тұлғалар баяндама жасады. Отырысты ашқан аталған кеңес төрағасы С.Садықов күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырған соң алғашқы баяндаманы аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Ж.Өмірсадық жасады. Жандос Талғатұлы бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы жан-жақты айта келе олардың кейбіреуіне жекелей тоқталды. Сондай-ақ «Сарқан ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» аудандық мәслихаттың шешім жобасын жария талқылау бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Сейпейов хабарлама жасады. Нәтижесінде жоғарыда айтылған аудандық мәслихат шешімінің жобасы бірауыздан келісілді. Баяндама жасаған басшыларға Қоғамдық кеңес мүшелері көтеріліп отырған мәселелер бойынша сауалдар жолдай келе бірқатар шаруаларды әлі де ширату қажеттігін тапсырды....
Толығырақ... Оқылды: 106 Уақыты: 18.09.2019

Кезекті Сарқан аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысы

Бүгін Сарқан аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті 3–ші отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес аудандық жер қатынастары бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы бөлімнің бас маманы Г.Шарипованың баяндамасы тыңдалды. 2019 жылдың 1 жартыжылдығына бөліммен көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп берді. Мемлекеттік қызметтердің топтастырылған тізіміне сәйкес бөлім мемлекеттік қызметтің 16 түрі бойынша жыл басынан аталған бөлімде 341 мемлекеттік қызмет көрсетіліген. Кеңес мүшелері тарапынан түскен сұрақтарға жауаптар беріліп Қоғамдық кеңестің шешіміне сәйкес Г.Шарипованың есебі қанағаттанарлық деп бағаланды. Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің және азаматтардың мемлекеттік органдары жұмысына сенімділігін арттырудың маңызды бір бөлігі. Сапасы жоғары мемлекеттік қызметердің баршаға ашық және тең қолжетімділігі Елбасының мемлекеттік органдардың алдына қойған негізгі міндеттердің бірі....
Толығырақ... Оқылды: 114 Уақыты: 27.06.2019

2019 жылы 13 наурыздағы Сарқан ауданық мәслихатының кезектен тыс 57 сессиясында Сарқан аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілгені туралы Хабарландыру

2019 жылы 13 наурыздағы Сарқан ауданық мәслихатының кезектен тыс 57 сессиясында Сарқан аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілгені туралы Хабарландыру
Толығырақ... Оқылды: 128 Уақыты: 14.03.2019

Сарқан аудандық Қоғамдық кеңесінің Хабарландыруы

2019 жылдың 13 наурызында Сарқан аудандық Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтіп, Қоғамдық кеңесінің төрағасы – Садыков Садвакас Баткалович және хатшысы – Нуриев Руслан Алимханович болып сайланды. Сонымен қатар, Қоғамдық кеңесінің мүшелерімен Қоғамдық кеңес төралқасының мүшелері сайланды.
Толығырақ... Оқылды: 141 Уақыты: 14.03.2019
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.