Навигация

Баннерлер

Ақпарат

Сауалнамалар

Как Вы оцениваете работу маслихата?

Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер
Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 54

Жаңалықтар

Аудандық мәслихаттың «Экономика, бюджет, аграрлық сала, жер қатынастары, экология, кәсіпкерлікті дамыту және туризм мәселелер жөніндегі» тұрақты комиссиясының отырысы

Санат: Жаңалықтар
Уақыты: 28.04.2021
Оқылды: 16 Печать страницы
Аудандық мәслихаттың «Экономика, бюджет, аграрлық сала, жер қатынастары, экология, кәсіпкерлікті дамыту және туризм мәселелер жөніндегі» тұрақты комиссиясының отырысы

Аудандық мәслихаттың «Экономика, бюджет, аграрлық сала, жер қатынастары, экология, кәсіпкерлікті дамыту және туризм мәселелер жөніндегі» тұрақты комиссиясының отырысы

 

- 2021 жылдың 28 сәуірінде Сарқан аудандық мәслихаттың «Экономика, бюджет, аграрлық сала, жер қатынастары, экология, кәсіпкерлікті дамыту және туризм мәселелер жөніндегі» тұрақты комиссиясының отырысы «ZOOM» бағдарламасы арқылы өтті. Күн тәртібі бойынша «2020 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы» аудандық қаржы бөлімінің басшысы Э. Иманғалиеваның және «Сарқан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы «Сарқан ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 93-358 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы А. Қалиеваның баяндамалары тындалды. Отырыс нәтижесінде экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі және қаржы бөлімі бюджетті жоспарлау кезеңінде бюджет жобасына қандай да бір түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттілігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерге және басқа да құжаттарға сәйкестікті, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануды қамтамасыз етуі;

- бюджеттің бекітілген (нақтыланған, түзетілген) көрсеткіштерінің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының, аумақтарды дамыту бағдарламасының бекітілген (нақтыланған, түзетілген) параметрлеріне, бағыттарына сәйкестігін қамтамасыз етуге бақылауды күшейту;

-бюджет қаражатының, оның ішінде ағымдағы трансферттер мен даму трансферттерінің толық игерілуін уақтылы және сапалы қамтамасыз ету;

-бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері өнім берушілердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді орындауды) беруін, басқа да шарттық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз етуі, мемлекеттік сатып алу туралы Заңнаманы бұзу фактілеріне жол бермеуі;

- Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының кешенді аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша қабылданған қаулылары мен ұсынымдарын іске асыру жөнінде шаралар қабылдауы ұсынылып, тұрақты комиссияның отырысында қаралған мәселелер мәслихаттың кезекті сессиясына енгізілді. Депутаттар тиісті қаулы қабылдады.

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.