Жаңалықтар
Түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Санат: Жаңалықтар | |
Уақыты: 19.11.2021 | |
Оқылды: 28 | Печать страницы |

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасы ұлттық құқықты, сондай-ақ құқықтық саясатты дамытудың басым бағыттарын, білім беру және құқықтық насихат аясын анықтайтын бағдарламалық құжат болып табылады. Осы мақсатта НҚА (нормативтік құқықтық акті) әзірлеу және келісу бөлігінде құқық қолдану практикасын қамтамасыз ету әрі заңнама нормаларын түсіндіру негізінде нормашығармашылықты қызметті іске асыру үшін Сарқан аудандық мәслихаты тарапынан тұрақты түрде семинарлар өткізу жос-парлануда.
НҚА әзірлеуші орган тарапынан аудандық мәслихат аппаратына көптеген сұрақтардың түсуі мәселенің маңыздылығын айшықтап, семинар өткізуге негіз болғаны айқын. Осыған байланысты өткен аптада аудандық әкімдіктің кіші мәжіліс залында семинар-кеңес өтті. Семинар өзегіне "ҚР құқықтық актілері туралы" заңнама нормаларын түсіндіру және "МОИП" (мемлекеттік органдардың интранет порталы) жүйесінде НҚА жобаларын келісу рәсімі арқау болды. Отырысқа аудандық мекеме-бөлім қызметкерлері қатысып, аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Данияр Қалиев жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Соңында сұрақтар қойылып, маман жауабы берілді.