Навигация

Баннерлер

Ақпарат

Сауалнамалар

Как Вы оцениваете работу маслихата?

Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер
Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 54

Жүргізілген сессиясы

Аудандық маслихаттың кезектен тыс 10-шы сессиясы өтті

Ағымдағы жылдың 14 қыркүйек күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 10-шы сессиясы онлайн Zoom платформасы арқылы өтті. Сессияның күн тәртібінде Сарқан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 13 қаңтардағы № 94-360 «Сарқан ауданының Сарқан қаласы мен ауылдық округтерінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Сарқан аудандық ведомствоаралық жер комиссияның құрамын бекіту туралы. Аталған мәселелер бойынша Сарқан аудандық мәслихатының депутаттары дауысқа салып, тиісті шешім қабылдады.
Толығырақ... Оқылды: 5 Санат: Жүргізілген сессиясы Уақыты: 15.09.2021

Аудандық маслихаттың кезектен тыс 9-шы сессиясы өтті

Ағымдағы жылдың 19 тамыз күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 9-шы сессиясы онлайн Zoom платформасы арқылы өтті. Сессияның күн тәртібінде Сарқан аудандық мәслихатының кезектен тыс 9-шы сессиясының күн тәртібі мен регламентін бекіту туралы; Сарқан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 93-358 «Сарқан ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; Сарқан ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның және Сарқан ауданы әкімдігінің дербес құрамын бекіту туралы; Аудандық сайлау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы; Ауданның басқару схемасы туралы; Аталған мәселелер бойынша Сарқан аудандық мәслихатының депутаттары дауысқа салып, тиісті шешім қабылдады.
Толығырақ... Оқылды: 6 Санат: Жүргізілген сессиясы Уақыты: 19.08.2021

2021 жылдың 1 шілде күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 8 сессиясы Zoom жүйесі арқылы өтті

2021 жылдың 1 шілде күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 8 сессиясы Zoom жүйесі арқылы өтті. Сессияның күн тәртібіне сәйкес. Сарқан аудандық мәслихатының кезектен тыс 8 сессиясының күн тәртібі мен регламентін бекіту туралы; 2021 жылғы 13 қаңтардағы «Сарқан ауданының Сарқан қаласы мен ауылдық округтерінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттері туралы» № 94-360 шешіміне өзгерістер еңгізу туралы; Сарқан аудандық сайлау комиссиясы төрағасы О. Тертюбаевтың ұсыныс хатын қарастыру туралы; Сарқан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардығы «VII шақырылым Сарқан аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамы мен төрағаларын сайлау туралы» № 1-3 шешіміне өзгерістер еңгізу туралы; Сарқан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 20 қаңтардығы «VII шақырылым Сарқан аудандық мәслихатының депутаттарды аумақтарға бекіту туралы № 2-6 шішеміне өзгерістер еңгізу туралы; Сарқан аудандық мәслихат депутаты Д.Забегалиннің ұсыныстарын қарау туралы; Сар...
Толығырақ... Оқылды: 8 Санат: Жүргізілген сессиясы Уақыты: 01.07.2021

2021 жылдың 6 мамыр күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 6 сессиясы Zoom жүйесі арқылы өтті

2021 жылдың 6 мамыр күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 6 сессиясы Zoom жүйесі арқылы өтті Сессияның күн тәртібіне сәйкес сұрақтар бойынша келесі сұрақтар қаралды: 1. «2020 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалуы туралы»; Қосымша баяндама: «Сарқан ауданының 2020 жылғы жергілікті бюджет түсімдерінің және шығыстарының орындалуына сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың нәтижелері». 2. «Сарқан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы «Сарқан ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 93-358 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»; 3. Алматы облысы, Сарқан ауданы Сарқан қаласының құрамдас бөліктерін қайта атау туралы ұсынысты облыстық ономастика комиссиясы қарауына енгізу туралы; 4. Сарқан аудандық мәслихатының депутаттары Қ. Абдрахмановтың, А. Кубентаевтың депутаттық өкілеттіліктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы; 5. Сарқан ауданы әкімдігі жанындағы «Қылмыстық жазаларды және өзге де қ...
Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: Жүргізілген сессиясы Уақыты: 06.05.2021

Сарқан аудандық мәслихаттың кезектен тыс 5 сессиясы

2021 жылдың 2 сәуір күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 5 сессиясы Zoom жүйесі арқылы өтті. Сессияның күн тәртібіне сәйкес ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан үшін бір қатар азаматтарға «Сарқан ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.
Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: Жүргізілген сессиясы Уақыты: 02.04.2021

2021 жылдың 23 ақпанында Сарқан аудандық мәслихатының кезектен тыс 4 сессиясы өтті

Сессияның күн тәртібі бойынша депутаттар Сарқан ауданының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын, Сарқан аудандық мәслихатының Регламентін жаңа редакцияда бекітіп, сонымен қатар «Сарқан аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымына өзгерту еңгзіліп және штат лимиті бекітілді. Аудан әкімдігінің ведомствоаралық комиссияларының құрамы бекітілді. Депутаттар тиісті шешім қабылданды.
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: Жүргізілген сессиясы Уақыты: 24.02.2021

2021 жылдың 1 ақпанында Сарқан аудандық мәслихатының кезектен тыс 3 сессиясы өтті

2021 жылдың 1 ақпанында Сарқан аудандық мәслихатының кезектен тыс 3 сессиясы өтті Сессия жұмысы онлайн трансляция түрінде Zoom жүйесі арқылы өткізілді. Сессияның күн тәртібі бойынша депутаттар «Сарқан ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешімін қабылдап, бекітті. Аталған шешім нормативтік құқықтық актісі болғандықтан, мәслихат хатшысы М. Разбеков мәслихат аппаратына дер кезінде облыстық әділет департаментіне мемлекеттік тіркеуге жолданылуын тапсырды.
Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: Жүргізілген сессиясы Уақыты: 01.02.2021

2021 жылдың 20 қаңтарында Сарқан аудандық мәслихатының кезекті 2 сессиясы өтті

Сессияның күн тәртібі бойынша депутаттар Сарқан аудандық мәслихатының және тұрақты комиссияларының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын, Сарқан аудандық 7 шақырылым мәслихат депутаттарды аумақтарға бекітіп, сонымен қатар Сарқан аудандық жер комиссиясының құрамы бекітілді. Депутаттар тиісті шешімдер қабылдады. Аудандық мәслихат хатшысы М. Разбеков күн тәртібіндегі қаралған сұрақтар бойынша депутаттарға, мәслихат аппаратына нақты тапсырмалар берді.
Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: Жүргізілген сессиясы Уақыты: 20.01.2021

VII шақырылған аудандық мәслихаттың бірінші сессиясы

2021 жылғы 15 қаңтарда VII шақырылған аудандық мәслихаттың бірінші сессиясы өтті. Сессияның жұмысына аудан әкімінің орынбасары А. Муханов, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының өкілдері, Сарқан аудандық мәслихатының VI шақырылым депутаттары қатысты. Сессияны Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы О. Тертюбаев ашып, «VII шақырылған Сарқан аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы» ақпараты тыңдалды. VII шақырылған Сарқан аудандық мәслихатының жаңадан сайланған депутаттарына төсбелгілер мен куәліктерді табыс етті. Сессия жұмысы аясында бірінші сессияның регламенті бекітілді. Бірінші сессияның төрағасы болып аудандық мәслихаттың депутаты Абдрахманов Қадыр Сәкенұлы сайланды. Депутаттардың бірауыздан шешімімен VII шақырылған аудандық мәслихаттың хатшысы – Разбеков Марат Мелісұлы сайланды. Аудандық мәслихаттың екі тұрақты комиссияларының құрамы бекітіліп, «Nur O...
Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: Жүргізілген сессиясы Уақыты: 15.01.2021

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 91 сессиясы

2020 жылдың 9 желтоқсанында Сарқан аудандық мәслихаттың кезектен тыс 91-ші сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібі бойынша «Сарқан аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Сарқан ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 72-287 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Сарқан аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімін басшысының баяндамасы тындалды. Сонымен қатар Сарқан ауданының әлеуметтік–экономикалық дамуына үлес қосқандары үшін, бір қатар азаматтарға «Сарқан ауданының құрметті азаматы» атағы берілді. Депутаттар тиісті шешім қабылдады.
Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: Жүргізілген сессиясы Уақыты: 09.12.2020
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.