Жүргізілген сессиясы
Аудандық маслихаттың кезектен тыс 9-шы сессиясы өтті
Санат: Жүргізілген сессиясы | |
Уақыты: 19.08.2021 | |
Оқылды: 18 | Печать страницы |

Ағымдағы жылдың 19 тамыз күні аудандық мәслихаттың кезектен тыс 9-шы сессиясы онлайн Zoom платформасы арқылы өтті.
Сессияның күн тәртібінде Сарқан аудандық мәслихатының кезектен тыс 9-шы сессиясының күн тәртібі мен регламентін бекіту туралы;
Сарқан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 93-358 «Сарқан ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Сарқан ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның және Сарқан ауданы әкімдігінің дербес құрамын бекіту туралы;
Аудандық сайлау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы;
Ауданның басқару схемасы туралы;
Аталған мәселелер бойынша Сарқан аудандық мәслихатының депутаттары дауысқа салып, тиісті шешім қабылдады.