Навигация

Баннерлер

Ақпарат

Сауалнамалар

Как Вы оцениваете работу маслихата?

Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер
Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 55

Жүргізілген сессиясы

Депутаттар алдында есеп берді

Санат: Жүргізілген сессиясы
Уақыты: 03.12.2021
Оқылды: 6 Печать страницы

Желтоқсанның 3-інде онлайн трансляция арқылы өткен аудандық мәслихаттың кезекті 12-ші сессиясында аудан әкімі Талғат Қайнарбеков депутаттар алдында есеп берді.

- Сарқан ауданының әлеуметтік-экономикалық даму бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды айта кететін болсақ, ауданымыздың дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша 10 айлық есепті мерзімде оң өзгеріс байқалады,- деп Талғат Қанатұлы ағымдағы жылы өнеркәсіпте 7 млрд. 214,1 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 111,1 пайыз құрағанын атап өтті.

Аграрлық секторда 49 млрд. 326,8 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 118,8% құрады. Жылдық жоспардан 1 млрд. 915 млн. теңгеге асты. Негізгі капиталға 7 млрд. 622 млн. теңге инвестиция тартылды, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,4 пайызды құрап отыр. Жыл басынан 5 млрд. 410,7 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары орындалды, сәйкес кезеңге 98 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы барысында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. 2021 жылы Черкасск а/о Қарғалы ауылында «AZIA GOLD» ЖШС дәрілік шөп өндіру кәсіпорнын; 2021-2024 жж. Амангелді а/о «BASKAN RIV» ЖШС 50 000 саулық басқа арналған қой шаруашылығы кешенін; 2022 жылы «Душкин» ШҚ элиталық тұқым өсіретін кәсіпорнын; 2022 жылы Қойлық ауылдық округінің шалғайдағы мал учаскесінде «Арлан» ШҚ мал бордақылау алаңын пайдалануға беретін болады. 2021 жылы жоғарыда көрсетілген жобалар іске асқанда 32 млрд. 400 млн. теңге инвестиция тартылады және 170 жаңа жұмыс орындары ашылады.

Шағын кәсіпкерлікте өндірілген өнімнің көлемі 20 млрд.теңгені құрайды. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Сарқан қаласында 5 қабатты 50 пәтерден тұратын тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталады. Аудан бойынша су жүйесінің ұзындығы – 320 шақырым. Халықты орталық ауыз сумен қамтамасыз ету 98,7 пайызды құрайды. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығы 998 шақырымды құрайды. Сарқан ауданының жергілікті аудандық манызы бар жолдардын жақсы және қанағаттанарлық деңгейі 62 пайызға жетеді. (Бұл көрсеткіш 2020 жылы 58 пайызды құраған). Сарқан қаласының арық желілерінің ұзындығы 190 км құрайды, олардың барлығы бейімделген жер арықтары. 2021 жылы төрт орталық көшелерінің арық жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп стадионын орналастыру жұмыстары аяқталуда.

Сарқан қаласында орналасқан «Жастар» саябағына жөндеу жұмыстары жүргізілуде, «Қойтас» саябағына жаяу жүргінші жолын орналастыру және Тынышбаев көшелерінің жаяу жүргінші жолын жайғастыру жұмыстары аяқталды. Ағымдағы жылдың соңына дейін аудан орталығында 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арналған күндізгі оңалту орталығын ашу жоспарлануда. Аудан бойынша 30 мектепте 7458 оқушы білім алып, 1102 мұғалім еңбек етеді. 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі қамту деңгейі 100% құрайды. Барлық мектептер интернет желісімен толық қамтамасыз етілген. Сарқан аудандық ауруханасына қарасты перзентхана және хирургия бөлімшесінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп, емхана жасау үшін, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ауданда 24 мәдениет нысаны қызмет етеді. 30 шағын және орта футбол аландары, 44 спорттық аландар, 31 спорттық залдар бар. 387 спорттық секцияларда 11660 адам қатысуда. Жалпы биылғы жылы аудан бойынша жаңа 1452 жұмыс орындары ашылды.

Жоғарыда баяндалғандай алдымызға қойылып отырған міндеттер жылдан-жылға артып келеді. Сондықтан еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолында халықтың және сіздер мен біздердің істеп жатқан шаруамыздың барлығы мемлекетіміздің нығаюы, тәуелсіздіктің мықтылығы, халықтың әл-ауқатының артуы үшін жасалуда.

Жарыссөзге шыққан аудандық мәслихаттың депуттаттары Жомарт Игіман, Оксана Ракитянская, Дәулет Икрамов атқарылған жұмыстарға оң бағалап, депуттатар корпусы әкім есебін қуаттады. Талғат Қанатұлы сессия барысында депуттатар тарапынан түскен сұрақтарға жауап берді.

Өз тілшіміз

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.