Навигация

Баннерлер

Ақпарат

Сауалнамалар

Как Вы оцениваете работу маслихата?

Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер
Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 54

Көпшілік талдаулар

Сарқан ауданы атауының транскрипциясын нақтылау бойынша көпшiлiктiк тыңдау

Санат: Көпшілік талдаулар
Уақыты: 06.08.2019
Оқылды: 161 Печать страницы

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ
САРҚАН АУДАНДЫҚ
МӘСЛИХАТЫ

ХАТТАМА

2019 жыл 1 тамыз №18

Сарқан қаласы

 

 

АЛМАТИНСКАЯ ОБЛАСТЬ
САРКАНСКИЙ РАЙОННЫЙ
МАСЛИХАТ

ПРОТОКОЛ

№ 18 от 1 августа 2019 года

город Саркан


Сарқан аудандық мәслихаттың «Экономика саласы, қаржы, салық және бюджет, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер экология жөніндегі» және «Депутаттар өкілеттігі, заңдылық, заң тәртібін сақтау, әлеуметтік саясат, жастар және коғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі» тұрақты комиссияларының отырысы

 

Комиссия төрағалары: Ж.Игіман, С.Елюбаева.

Хатшы: Р.Нуриев.

Қатысқандар: 12 адам – аудандық

мәслихаттың депутаттары.

Шақырылғандар: Сарқан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жәлел Қәлелұлы Құдияров, Сарқан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Дамир Әбдіжамілұлы Каипов, «Сарқан» газетінің өкілдері.

 

Комиссия төрағасы күн тәртібімен және жұмыс регламентімен таныстырып өтті.


Күн тәртібі:

1. Сарқан ауданы атауының транскрипциясын нақтылау бойынша көпшiлiктiк тыңдау.

(Баяндамашы: Сарқан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жәлел Қәлелұлы Құдияров)

 

ТЫҢДАЛДЫ:

Сөз, Сарқан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жәлел Қәлелұлы Құдияровқа берілді. (баяндаманың мәтіні қоса беріліп отыр).


СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:

Е.Алинов – мәслихат депутаты өз сөзінде, Жәлел Қәлелұлы Құдияровтың ұсынысы бойынша келісімін білдіріп тиісті шешім қабылдауды сұрады.

Ж.Доланбаева – мәслихат депутаты өз сөзінде, Сарқан ауданы атауының транскрипциясын нақтылау осы күнде заңдылыққа сай екенің айтып осыған байланысты жұмыстарды тез арада жүргізу керектігін білдірді.

Жалпы ұсынысты комиссия мүшелері бір ауыздан қолдап ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Сарқан ауданы атауының транскрипциясын нақтылау бойынша тиісті қаулы қабылданып мәслихат сессиясына ұсынылсын.

2. Сарқан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен осы хаттаманы жергілікті БАҚ-да және аудандық мәслихат аппаратының, әкімдігінің ресми сайтында жариялауы қамтамасыз етілсін.

Сұрақтар қойылмағандықтан, сөз сөйлеушілер болмағандықтан, күн тәртібіндегі сұрақ жөнінде тұрақты комиссия отырысының қаулы жобасы бойынша төраға депутаттарға қаулы қабылдауды ұсынып, дауысқа салды. Депутаттар бір ауыздан қолдап, тиісті қаулы қабылдады.

 

Тұрақты комиссия төрағалары:                              Ж.Игіман
                                                                                  С.Елюбаева
 
Отырыс хатшысы:                                                     Р.Нуриев
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.