Навигация

Баннерлер

Ақпарат

Сауалнамалар

Как Вы оцениваете работу маслихата?

Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер
Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 94

Қызметтік міндеттер

«Сарқан аудандық Мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік қызметкерлерінің лауазымдық міндеттері
 

Аппарат басшысы – Ө. Болат
- Мемлекеттік органдарының әкімшілік реформаларын іске асыру, сыртқы байланыс, кадр саясаты, «Электрондық Үкіметті» енгізу мәселелері. Аудандық мәслихат аппаратының жұмысын ұйымдастырады және бағыт береді.
- Аудандық мәслихаттың облыстық мәслихатпен, сайлау комиссиясымен, аудандық әкімдікпен, қалалық, ауылдық округтердің әкімдерімен, аудандық басқармалармен, бөлімдердің, комитеттердің басшыларымен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Мәслихаттар депуттарының сайлауын ұйымдастыру– техникалық қамтамасыз етеді. Бөлімдердің өзара іс-әрекеттік байланысын қамтамасыз ету, аудандық мәслихат аппаратының жұмыс регламентін сақтау, аудандық мәслихат сессияларына және мәслихат хатшысы өткізетін басқа да шараларға материалдар дайындайды.
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министрі Кеңесінің, Парламенттің, облыстық әкімдіктің, мәслихаттың және басқа да органдардың құжаттарының уақытында орындалуына және азаматтардың өтініштерін уақытында қаралуына бақылауды жүзеге асырады. Мекеменің тәртіптік, конкурстық, аттестаттау, бағалау, мемлекеттік қызметшілерінің еңбек өтілдерін анықтау жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастырады.
- «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіне келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарымен жұмыс жасайды.
- Нормативтік-құқықтық актілердің әзірленуі мен қабылдануына бақылау жүргізеді.
 
Бас маман – А. Омаров
- Құқықтық-нормативтік және де басқа актілердің, құжаттардың мерзімінде орындалуын, орындаушыларға жетуін қамтамасыз етеді; аудан әкімдігімен бірлесіп қабылданған шешімдерді дайындайды; Сарқан ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілген азаматтарға тіркеу журналын жүргізеді; Мәслихаттың Web-сайт жұмысын ұйымдастырады, әлеуемттік желілерде мәслихат жұмысы туралы мәліметтерді жариялайды. Аудандық Мәслихаттың жылдық жұмыс жоспарын әзірлеп, орындалуын қамтамасыз етеді, бақылау жасайды.
- Мәслихат сессияларының өткізілуіне құжаттарды әзірлейді, толықтығын қамтамасыз етеді, шешімнің жобаларын, хаттамаларын және сессияға арналған құжаттарды жинақтайды, жүргізеді; «Экономика бюджет, аграрлық сала, жер қатынастары, экология, кәсіпкерлікті дамыту және туризм мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының жұмыстарын жүргізеді, оның кураторы және ресми кеңесшісі болып табылады; сессияда қабылданған шешімдерін, тіркеуге алады, тіркеу журналдарын жүргізеді; депутаттық сауалдарды тіркеу журналын жүргізеді
- Аудандық прокуратура және облыстық әділет департаментіне, аудандық әділет басқармасының алдында аудандық мәслихат қабылдаған шешімдер туралы есеп береді, тіркеу үшін құжаттар дайындайды.
- Аудандық Мәслихат депутаттарының сайлау округінде азаматтарды қабылдау жұмысын ұйымдастырады (қабылдау кестесін әзірлеп бекіту, оны ақпарат құралдарында жариялау) және өткізілуін бақылайды; Сессиялардың, тұрақты комиссиялардың мәжілістерін, ашық тындауларды, семинарларды, кеңестерді, депутаттардың сайлаушылармен кездесулерін дайындау және өткізу жұмыстарын ұйымдастырады;
- «Қазақстан Мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» Республикалық қоғамдық бірлестігі бойынша құжаттарды жүргізеді және мүшелік жарналардың уақытында төленуін қамтамасыз етеді Мәслихат депутаттарының сауалдарын құзырлы мекемелерге жолдауын, ақпарат құралдарында мақалаларды жариялауды ұйымдастырады. «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіне келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарымен жұмыс жасайды.
 
Бас маман – Д. Калиев
- Қазақстан Республикасы Заңдарына қайшы келетін шешімдердің күшін жою туралы аудан әкімінің аппаратына және басқа да мемлекеттік басқару органдарына ұсыныстар дайындайды, заңға сәйкес емес нормативті актілер бойынша тұжырым жасап, Мәслихат хатшысына ұсынады; аудандық Мәслихат аппаратының қызметкерлеріне заңгерлік кеңес береді;
- Мәслихат қабылдайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысады, актілердің заңдарға сәйкестігін тексереді; құқықтық нормативтік актілер бойынша мониторинг жүргізеді. Сарқан аудандық Мәслихат аппаратының Ережесін және Регламентін сақталуын қамтамасыз етеді;
- Мәслихат шешімдерінің, тұрақты комиссиялардың қаулыларының орындалуын бақылауды және таратуды жүзеге асырады; шешімдердің облыстық әділет департаментіне тапсырылуын, ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді;
- Аудан әкімдігімен бірлесіп қабылданған шешімдерді дайындайды; аудандық Мәслихаттың «Депуттар өкілеттігі, әлеуметтік саясат, білім, денсаулықты сақтау, жастар және қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі» тұрақты комиссиясының жұмыстарын жүргізеді, кураторы және ресми кеңесшісі болып табылады; тұрақты комиссияларының қаулыларын тіркеуге алады, тіркеу журналдарын жүргізеді; депутаттық сауалдарды тіркеу журналын жүргізеді. Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісіне, облыстық Мәслихатқа және облыстық сайлау комиссиясына сайлауларды ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы құжаттардың (комиссиялар тізімдері, жоспарлар, хабарлар, мәліметтер) тиісті жүргізілуін қамтамасыз етеді;
- Мәслихат депутаттарының сауалдарын құзырлы мекемелерге жолдауын, ақпарат құралдарында мақалаларды жариялауды ұйымдастырады. «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіне келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарымен жұмыс жасайды.
 
Бас маман - К. Кожеспаева
- Мәслихат аппаратының номенклатуралық істерінің жинағын Сарқан аудандық архивпен бекітеді. Сарқан аудандық мәслихаты аппаратының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын бекітеді
- Аппараттің іс қағаздарын жүргізеді, кіріс және шығыс құжаттарын тіркеуге алады. ЭСЕДО бағдарламасымен жұмыс жасайды.
- Қызметшілерді бағалау жөніндегі, конкурстық, тәртіптік, мемлекеттік қызметшілердің қызмет өтілін есептеу, аттестациялық комиссияларының, тәлімгерлік кеңестің құжаттарын дайындайды және хаттамаларын жүргізеді.
- Құжаттарды архивке өткізу үшін дайындайды және тапсырады.
- Кадр жұмысына жауапты. Облыстық агенттікке мемлекеттік қызмет туралы ақпараттарды, статистикалық есептерді тоқсан сайын тапсырады.
- Мекемедегі «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіне келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын тіркеуге алып, оларды қарастыру бойынша құжаттарды дайындайды және оның орындалуын қадағалайды.
 
Бас маман – С. Игембаева
- Сарқан аудандық мәслихат аппаратының бухгалтерлік есеп жұмыстарын жүргізеді; бухгалтерлік есеп және есеп беру бойынша нұсқаулықтары, әдістемелік нұсқаулықтарды қамтамасыз етеді; бухгалтерлік баланстар мен есептер бойынша тоқсандық,жылдық есептерді әзірлеп тапсырады;- мәслихат аппаратының штаттық кестесін жүргізеді;- бюджетке түсетін салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі құжаттарды қамтамасыз етеді;
- Бюджеттік тапсырмалар және бюджеттік тапсырмалар жоспарын әзірлеп тапсырады; ревизиялық актілерді жинақтайды;- табель, жалақы бойынша ведомстволар, келісім-шарттар, мемориалдық ордерлер және салыстырма актілерді жүргізеді;- қызметкерлердің дербес шоттарын қамтамасыз етеді; бухгалтерлік есеп тізімдері (Бас Журнал кітабы, мемориалдық ордерлер, жұмыс кестелері және басқалар) жүргізеді;
- Шарттарды, келісім-шарттарды, келісімдерді есепке алу кітаптарын жүргізеді; активтерді, материалдық емес активтерді, материалдық құндылықтар мен қорларды есепке алу кітаптарын жүргізеді; құны аз және тез тозатын заттарды есепке алу кітаптарын әзірлеп жүргізеді; лимиттерді (қаржыландырулар) және шығындарды, ашық лимиттерді, кассалар шығысын есепке алу кітаптарын жүргізеді; жол парақтар алу, беру, пайдалану есепке алу кітаптарын әзірлеп жүргізеді; жұмыс уақытының есеп кестесін, ауырғанда берілетін еңбекке жарамсыз парағының есебін жүргізеді;
- Мәслихат аппаратының құрылтай құжаттарын (тіркеу туралы куәлік, салық төлеуші туралы және статистикалық куәліктері) қамтамасыз етеді; Мәслихат хатшысының тапсырмаларын орындайды.
- «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіне келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарымен жұмыс жасайды.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2022. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.