Навигация

Баннерлер

Ақпарат

Сауалнамалар

Как Вы оцениваете работу маслихата?

Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер
Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 54

Аудан бюджеті

Сарқан ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2, және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 6 935 521 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:

салықтық түсімдер 738 839 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 19 431 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 39 693 мың теңге;

трансферттер түсімі 6 137 558 мың теңге;

2) шығындар 6 935 521 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 59 561 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 87 510 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 27 949 мың теңге;

4) қаржы активтері мен операциялар бойынша сальдо 0 теңге,

оның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 59 561 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 59 561 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі 87 510 мың теңге;

қарыздарды өтеу 27 949 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 0 теңге.

2. 2021 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін субвенциялардың көлемдері 235 745 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Алмалы ауылдық округіне 18 418 мың теңге;

Амангелді ауылдық округіне 20 061 мың теңге;

Аманбөктер ауылдық округіне 19 166 мың теңге;

Бақалы ауылдық округіне 17 239 мың теңге;

Екіаша ауылдық округіне 20 880 мың теңге;

Көктерек ауылдық округіне 18 809 мың теңге;

Қарабөгет ауылдық округіне 17 534 мың теңге;

Қарашыған ауылдық округіне 20 809 мың теңге;

Қойлық ауылдық округіне 17 226 мың теңге;

Лепсі ауылдық округіне 18 269 мың теңге;

Черкасск ауылдық округіне 21 554 мың теңге;

Шатырбай ауылдық округіне 19 280 мың теңге;

Сарқан қалаласына 6 500 мың теңге.

3. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2021 жылға арналған резерві 16 016 мың теңге сомасында бекітілсін.

4. 2021 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде:

өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру;

Көрсетілген трансферттерді аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер бюджеттеріне бөлу Сарқан ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарқан аудандық мәслихатының «Экономика саласы, қаржы, салық және бюджет, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

6. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сарқан аудандық мәслихатының сессия төрағасы

 

Ж. Курмашев

Сарқан аудандық мәслихатының хатшысы

 

К. Абдрахманов

 

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.