Навигация

Баннерлер

Ақпарат

Сауалнамалар

Как Вы оцениваете работу маслихата?

Отлично
Хақсы
Удовлетворительно
Не жайлы айтып тұрғаныңызды түсінбедім


Нәтижелер
Басқа сауалнамалар

Берілген дауыстың жалпы саны: 54

Ереже

Сарқан аудандық мәслихатының
2017 жылғы «21» желтоқсандағы
№ 29-128 шешіміне қосымша
 
 
«Сарқан аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы
Е Р Е Ж Е

 
1. Жалпы ереже
1.1 Сарқан аудандық Мәслихатының, оның тұрақты депутаттық комиссияларының қызметін қамсыздандыру үшін Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» № 148 Заңына сәйкес Сарқан аудандық Мәслихатының аппараты бұдан былай «Мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылады.
1.2 Мәслихат аппаратының толық аталуы – «Сарқан аудандық Мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі.
1.3 Мәслихат аппараты өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасы Заңдарын, Сарқан аудандық Мәслихатының шешімдерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай – ақ осы Ережені басшылыққа алады.
1.4 Мәслихат аппараты өзінің ұйымдық – құқықтық нысанында мемлекеттік мекеме болып табылады, мекеменің мөрі, мөртабаны, мемлекеттік бланкілері, сондай – ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі қазынашылығының аумақтық органдарында есепшоты бар.
1.5 Мәслихат аппаратының штаттық санының лимиті Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 8 бабының 4 тармақшасына сәйкес белгіленеді. Мәслихат аппаратының қызметкерлерін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес Мәслихат хатшысы қабылдап босатады.
1.6 Сарқан аудандық Мәслихаты аппаратының мекен жайы: Қазақстан Республикасы Алматы облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласы Тәуелсіздік көшесі 111, индексі: 041500.
1.7 Мәслихат аппаратының құрылтайшысы Сарқан аудандық Мәслихаты болып табылады.
1.8 Мәслихат аппараты туралы Ережеге өзгеріс пен толықтыруларды Мәслихат сессиясында Сарқан аудандық Мәслихаты енгізеді және әділет органдарында тіркеуге жатады.
1.9 Мәслихат аппартын ұстауға арналған шығын жергілікті бюджеттен жүргізіледі.
1.10 Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері болмайды.
 
2. Қызметінің мақсаты мен мәні.
2.1 Мәслихат аппаратының негізгі мақсаты заңнамаға, өзінің регламенті мен жұмыс жоспарына сәйкес Сарқан аудандық Мәслихатының, оның тұрақты депутаттық комиссияларының қызметін қамсыздандыру;
2.2 Мәслихат аппараты келесі іс-әрекеттерді жүзеге асырады;
2.2.1 Мәслихат пен оның органдарының жұмысын ұйымдық, материалдық – техникалық, құқықтық, ақпараттық, кеңес беру тұрғысынан қамсыздандыруды;
2.2.2. Депутаттарды шешім жобаларымен және өткізілетін мәжілістердің күн тәртібі бойынша өзге де тиісті құжаттармен, сондай – ақ басқа да ақпаратпен қамтамасыз ету;
2.2.3. Пленарлық мәжілістер мен тұрақты депутаттық комиссиялардың, үйлестіру кеңесінің мәжілістеріне қатысады, депутаттарға Мәслихаттың тұжырымдары мен шешімдерінің сапалы даярлануына көмектесу;
2.2.4. Мәслихат сессияларының өткізілуін оның регламентіне сәйкес даярлау және ұйымдық – техникалық жұмыстарды қамтамасыз ету;
2.2.5. Мәслихатқа жолданған азаматтардың хаттарын, шағымдары мен өтініштерін қарап, есепке алу, олардың орындалуын қадағалау, қажет болған жағдайда оларға жауап дайындау;
2.2.6. Мәслихат депутаттары өкілеттіктерінің іске асырылуына жәрдемдеседі, кеңес әдістемелік көмек көрсетеді, депутаттар сауалдарының, ұсыныстары мен ескертпелерінің мерзімінде қаралуын жүзеге асуын қадағалауды;
2.2.7. Депутаттардың өкілеттіктерінің жүзеге асырылу барысында туындаған сын – есекртпелерді тіркеу және сараптау;
2.2.8. Мемлекеттік және беймемлекеттік ұйымдардың ұсыныстарын есепке алу, депутаттардың осы ұйымдардың төрағаларымен және басқа да мүдделі тұлғалармен кездесулерін ұйымдастыру;
2.2.9. Тұрақты комиссиялардың мәжілістерін әзірлеу, Мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелерді тұрақты комиссияларда алдын ала талқылануын ұйымдастыру, тұрақты комиссияларды осыған байланысты құжаттар мен қамтамасыз ету;
2.2.10. Әділет органдарында тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді, шешімдерді даярлап өткізу;
2.2.11. Сессия материалдарын, нормативтік құқықтық актілерін бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға әзірлеу, олардың жарық көруін бақылау;
2.2.12. Мәслихат шешімдері мен өзге де құжаттардың таратылуын қамтамасыз ету;
2.2.13. Мәслихат сессиясы мен өзге де мәжілістерінің хаттамасы мен стеннограммасын жүргізу.
2.2.14 Іс қағаздарын жүргізу.
 
3. Аудандық Мәслихат аппаратының басшылығы
3.1. Аудандық Мәслихат аппаратына, әкімшілік мемлекеттік қызметші болып табылатын аппарат жетекшісі басшылық жасайды. Оны қызметке аудандық Мәслихаттың хатшысы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес тағайындайды және босатады.
3.2 Аудандық Мәслихат аппаратының жетекшісі төмендегі негізгі функцияларды атқарады:
- аудандық Мәслихат хатшысының бекітуіне штаттық кестені, аппарат туралы Ережені, оның жұмыс регламентін тапсырады;
- аппараттың қызметіне жалпы басшылық жасап, іс – қимылдарын үйлестіріп отырады;
- аппараттың шығыс сметасына ұсыныстар енгізеді;
- аудандық Мәслихат аппаратының облыстық Мәслихаттың аппаратымен, аудан әкімі аппаратымен, бөлімдерімен, мекеме басшыларымен, қалалық, поселкелік, ауылдық округтері әкімдерімен өзара байланысты ұйымдастырады;
- аудандық Мәслихаттың сессияларының, тұрақты комиссияларының отырыстарын ұйымдастырып, құқықтық, консультативтік, материалдық – техникалық өткізілуін дайындық жағынан қамтамасыз етеді;
- аудандық Мәслихаттың шешімдерін, тұрақты комиссияларының қаулыларының жобаларын дайындаған кезде келіспеушіліктерді жою үшін кеңестер ұйымдастырады;
- аудандық Мәслихат хатшысына сессия шешімдері мен тұрақты комиссиялары қаулыларының жобаларын, басқа да құжаттар мен материалдарды тапсырады;
- Қазақстан Республикасы Президенті, Парламенті, Үкіметі актілерін, облыстық Мәслихат шешімдерінің, Мәслихат хатшысы берген тапсырмаларының орындалуын бақылайды, Мәслихат хатшысына тапсырмалардың орындалуы туралы мәліметтерді топтастырады;
- аудандық Мәслихат хатшысы атына азаматтардан түскен арыздарды тиісті мемлекеттік органдарға жібереді;
- аудандық Мәслихат аппаратының басшысы өзіне жүктелген басқа да функцияларды орындайды.
3.3 Аудандық Мәслихат аппаратының басшысы лауазымдық міндеттерін орындау мақсатында төмендегі құқықтарға ие:
- мекемелер мен бөлім басшыларының, қалалық, ауылдық, поселкелік округтері әкімдерінің, аудандық Мәслихат сессияларында, тұрақты комиссияларында қаралатын мәселелерді ұсынуға әзірлейді;
- меншік түріне қарамастан ұйымдардан құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қажетті ақпарат сұрайды;
- заңдарға сәйкес басқа құқықтарды жүзеге асырады.
 
4. Мәслихат аппаратының қызметін басқару.
Мәслихат аппараты бойынша Мәслихат хатшысы мен аудандық Мәслихаттың өкілеттіктері.
4.1 Аудандық Мәслихат заңдарда белгіленген адам саны мен қаражат лимиті шегінде Мәслихат аппаратының құрылымын бекітеді және оны ұстауға әрі материалдық – техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды. Мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің штат саны лимитке сәйкес Мәслихат депутаттары санын негізге алып, бес депутатқа бір қызметкер қатынасында, бірақ бес адамнан кем емес болып белгіленеді.
4.2 Мәслихат аппараты тікелей Мәслихат хатшысының басшылығымен жұмыс істейді.
4.3 Мәслихат хатшысы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңы мен Сарқан аудандық Мәслихатының регламентіне сәйкес Мәслихат аппаратына басшылық етеді, сондай – ақ Мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына, олардың өз міндеттерін іске асыруына жауапкершілік көтереді.
4.4 Осы мақсаттарда Мәслихат хатшысы:
- Мәслихат аппараты қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;
- заңнамаларға сәйкес Мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
- заңнамада белгіленген тәртіппен Мәслихат аппараты қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
- Мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және сессия төрағасымен бірге Мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды, өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
- Мәслихат аппаратының шығындар сметасын қалыптастырып бекітеді;
- Мәслихат аппаратының мүддесін мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білдіреді;
- Мәслихат аппаратының құрылымын бекітеді;
- заңнамаға және нормативтік актілерге сәйкес өзге де өкілеттіктерді іске асырады.
4.5 Мәслихат хатшысы болмаған кезде оның міндеттерін Мәслихат сессиясы төрағасының шешімі бойынша Мәслихаттың тұрақты комиссиялары бірінің төрағасы немесе Мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
 
5. Аудандық Мәслихат аппаратының мүлкі
5.1 Мәслихат аппараты оралымды басқару құқығымен дербес мүлікке ие.
5.2 Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
5.3 Мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті өз бетінше иесіздендіруге немесе өзге әдіспен иеленуге етуге құқықсыз.
5.4 Мәслихат аппаратына заңнамада белгіленген жағдайға, шектеулерге байланысты мүлікке иелік ету құқығы берілуі мүмкін.
5.5 Мәслихат аппараты тараған жағдайда мүлікті оралымды басқару құқығы Сарқан аудандық Мәслихатына беріледі.
 
6 Аудандық Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату.
6.1 Аудандық Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2021. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.